Выйти
RU

Жантүршігерлік өрт: БҚО-да 200 бас мал тірідей жанып кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

БҚО Қазтал ауданы Талдыапан ауылының маңында болған өрттен 100 ешкі, 90 қой тірідей өртеніп кетті деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрғындар тірідей жанып кеткен мал өліктерінің адам шошырлық суреттерін жолдауда. Өрттен қырылған мал саны бұдан да көп болуы мүмкін.

БҚО ТЖМ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Нұргүл Мұқанова тірідей өртеніп кеткен мал саны әлі де анықталып жатқанын айтты.

Тағы оқыңыздар: Туыстары өлді деп хабарлаған тағы бір қазақстандық тірі болып шықты

"30 шілдеде сағат 13.30-да Қазтал ауданынан хабарлама келіп түсті. Талдыапан ауылынан 17 шақырым жерде құрғақ шөптер жанып, өрт орын алған. Өрт тек сағат 21.00-де ғана ауыздықталды. Өрт шалған жердің аумағы әлі анықталып жатыр. Салдарынан 100 ешкі мен 90 қой қырылып қалды. Бұл тек болжам бойынша. Малдың нақты саны әлі де анықталуда", - дейді Нұргүл Мұқанова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жантүршігерлік өрт: БҚО-да 200 бас мал тірідей жанып кетті (фото)