RU

Йеменде үш жасар қызды зорлаған азаматты елдің көзінше атып тастады (фото)

Йеменде үш жасар қызды зорлап, артынан өлтіргені үшін кінәлі деп табылған 41 жастағы ер адамды өлім жазасына кесті. Оның жаза орындалар алдындағы сәттерін жергілікті фотографтар суретке түсіріп жария етті деп хабарлайды baq.kz.

Мұхаммед әл-Махрабиді Йемен астанасы Сананың орталығындағы көшелердің бірінде Калашников автоматымен атып өлтірді.

Суреттерде қолы арқасына байланған қылмыскердің етпетінен жатқаны, ал үкім орындаушының оны арқадан атып жатқаны көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Мейрамбек Беспаев: "Найнти уан" жігіттерін көшедегі бес адамның екеуі ұрып кеткісі келеді

Йемен заңдары шариғатқа негізделген. Оған сәйкес, адам өлтірген қылмыскер өлуі тиіс. Тек қылмыскер құрбаны болған адамның отбасы ғана жазаны жеңілдете алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1573565-ush-zhasar-qyzdy-zorlaghan-qylmyskerdinh.html