Выйти
RU

ЭКСПО-да орысша сайрап жүрген еріктілер тағы да ел тұрғындарының ашуына тиді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«ЭКСПО» көрмесі басталғалы бері екі айдан астам уақыт өтсе де, айтулы шара айналасындағы шу-шырғалаң басылар емес. Әсіресе, өңірлерден лек-легімен ағылып келіп жатқан ел тұрғындары «ЭКСПО» жайлы түрлі пікірлерін айтып, көрмеде орын алып жатқан кемшіліктерді айтуда.

Бұл жолы да көрме қонақтары еріктілердің тек орыс тілінде сөйлейтінін алға тартып, олардың мұнысын «өз тілін менсінбеушілікке» балады.

Қызылордадан келген Жанұзақ Елемесов (авт. аты-жөні өзгертілді) «Нұр Әлем» павильонында қонақтарға тек орыс тілінде ақпарат берген еріктіні сынға алып, «кілең қазақтар арасында орысша түсіндірудің қажеті жоқ» деп отыр.

Тағы оқыңыздар: Жантүршігерлік өрт: БҚО-да 200 бас мал тірідей жанып кетті (фото)

«Жеделсатымен жоғарғы сегізінші қабатқа көтерілу керек болды. Өздеріңіз білесіздер адам көп. «Нұр Әлемде» бірден сегізінші қабатқа көтеріліп, кейін төменгі қабаттарға қарай түсіп, саяхаттайды екенсің және жеделсатыларды да көпшілікке, баласы бар аналарға деп жіктеп қойған екен. Соның бәрін әлгі еріктілер түсіндіріп берді, тек орысша. Қазақпыз ғой, қазақша айтса да түсінеміз. Меймандардың арасында бір орыс жоқ, кілең қазақтар. Сонда бәрін кімге арнап түсіндіріп тұр? Жастардың мұнысын қалай түсінеміз? Өз тілін өзі менсібегені ме?», -деп ашынды тұрғын.

Естеріңізде болса, «ЭКСПО» көрмесінде бұған дейін де мұндай жағдай орын алған еді. Қарағандылық Мұратбек Ержанов есімді тұрғын «шетелдіктердің алдында орысша сайрап жүргендері ұят қой, намыс қайда?» деп қынжылып, еріктілердің орысша сөйлеуін сынап тастаған-ды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ЭКСПО-да орысша сайрап жүрген еріктілер тағы да ел тұрғындарының ашуына тиді