Выйти
RU

Көкшетауда екі жігіт жұмбақ жағдайда асылып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көкшетауда ккі жігіт өз-өзіне қол салған, олардың бірін жедел жәрдем бригадасы фельдшері құтқарып қалды, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиға 31 шілде кешкісін болған. Жедел жәрдем станциясына қала тұрғыны хабарласып, салынып бітпеген қараусыз ғимаратта екі адамның асылып қалғанын хабарлаған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бір адамды аман алып қалды, ол қазір облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Екінші ер адам көз жұмған.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бір топ жігіт алып қашқан 19 жастағы сұлу бойжеткен өлі күйінде табылды (фото)

Құқық қорғау органдары қаза болған 1993 жылғы жігітті тексеру барысында хат тауып алған, онда өздерінің өліміне ешкімді кінәламауды сұрапты. Тура сондай хат аман қалған 1992 жылғы жігіттің қалтасынан табылды.

Екеуі де Бурабай ауданы тұрғындары. Ақмолалықтарды мұндай қадамға не итермелегенін тергеу анықтайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көкшетауда екі жігіт жұмбақ жағдайда асылып қалды