Выйти
RU

Ақтөбеде әкесі мен туған інісін пышақтап өлтірген азамат ұзақ жылға сотталып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жантүршігерлік қылмыстық оқиғаға қатысты үкім шықты.

Мас күйінде өзіне ескерту жасаған әкесі мен бауырын пышақтап тастаған 39 жастағы Медет Тапаев 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жеке мүлкі тәркіленетін болады.

Сот төрағасы сотталушыны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен айықтыруға ем қабылдауға шешім шығарды. Сонымен қатар, сотталушыға мемлекет пайдасына 1 миллион теңгеден астам шығынды өтеуді міндеттелді.

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда екі жігіт жұмбақ жағдайда асылып қалды

Осыған дейін хабарлағанымыздай жантүршігерлік жағдай Ақтөбе қаласында сәуір айында тіркелген. Ауыр қылмыс жасап, 13 жылға бас бостандығынан айырылған Медет Тапаев жазасын өтеу орнынан ерте босап шыққан. Түн ішінде үйге ішімдік ішіп келген сотталушы әйелін оятып тамақ дайындауды бұйырады. Әйелін балағаттап, үйді басына көтерген баласына демалып жатқан әкесі бірнеше рет ескерту жасайды.

Өзін балағаттаған баласын темір көсеумен ұрып жазаламақ болған әкесін сотталушы пышақтап тастайды. Әкесі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Оған араша болмақ болған бауырын да сотталушы қуып жүріп, пышақтап өлтіреді.

Оқиғаның барлығы анасы мен інісінің балаларының көз алдында болған.

Сотталушы Тапаевқа жасаған қылмысы үшін 19 жыл және осыған дейін жасаған қылмысының өтелмеген үш жылы қосылып, жалпы 22 жылға бас бостындығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде әкесі мен туған інісін пышақтап өлтірген азамат ұзақ жылға сотталып кетті