Выйти
RU

Алматы облысында ер адам қыдырып келген қызды зорлаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында полиция 30 жастағы ауыл тұрғынын ұстады, ол кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оқиға Алакөл ауданында болған, полиция Тентек өзені жағасында 17 жасар қызды зорлаған жергілікті тұрғынды ұстады. Қыз бала Шығыс Қазақстан облысынан туған-туыстарының үйіне қыдырып келген екен.

Тексеру барысында ұсталған азаматты дәл осындай қылмыс үшін бірнеше мәрте сотталғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бір топ жігіт алып қашқан 19 жастағы сұлу бойжеткен өлі күйінде табылды (фото)

2013 жылы Алакөл ауданында тонаушылық жасап, зорлағаны үшін сотталса, 2017 жылы көктемде зорлағаны үшін қайта ұсталған, алайда тараптардың бітімге келуіне байланысты жазадан құтылып кеткен.

Соңғы үшінші дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында ер адам қыдырып келген қызды зорлаған