RU

Қызметкерлерін балағаттап тастаған Қапшағай ҚІІБ басшылығы жазаға тартылды (видео)

Белгісіз біреу Қапшағайдағы ҚІІБ басшылығының бейәдеп сөздер айтып, айғайға басқан сәтін видеоға түсіріп алған. Нәтижесінде қызметтік тексеріс орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Facebook желісінің Zhanetta Begakhmetova есімді қолданушысы Қапшағай ҚІІБ "басшысының" өз қарамағындағы әріптестеріне бейәдеп сөздер айтып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.

Тағы оқыңыздар: Отандық белсенді отандық полицейлердің бейәдеп әрекеттерін әшкерелейтін суреттерді көрсетті (фото)

«Алматы облыстық жеке қауіпсіздік басқармасының Қапшағай ҚІІБ-да жүзеге асырған қызметтік тексерісінің нәтижелері бойынша, аталған тәртіпті бұзу әрекеті орын алғаны анықталғанын хабарлаймыз. Департамент басшысының бұйрығы бойынша Қапшағай ҚІІБ басшылығы мен бірқатар қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1573934-qapshaghaydynh-qiib-basshylyghy-beyadep-s.html