Выйти
RU

Белгілі заңгер Алматының орталық көшесіне елбасының атын беруді ұсынды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі заңгер Думан Базарбеков Алматыдағы Фурманов көшесіне тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Ол өзінің бұл ұсынысын тіпті хатқа жазып, Алматы әкімі Бауыржан Байбекке де жолдаған.

«Менің 9 жастағы ұлым сұрайды «Фурманов деген кім?» деп. Расын айтайын, сол Фурмановтың кім екенін мен де білмейді екенмін. Себебі, оның қазақ тарихында аты жазылмаған. Бұл дегеніңіз оның қазаққа тигізген пайдасы жоқ. Сөйте тұра орталық көшені Совет жазушысының атымен атау дұрыс емес.

Осы наразылығымды білдіріп, кеше қала әкіміне хат жолдадым. Жауабын 10 күннен соң береміз деді. Жақында Астанадағы ең үлкен әуежайға елбасының атын берді. Біз кімнен кембіз? Осы Фурманов көшесінің атын «Нұрсұлтан Назарбаев» деп өзгерту керек. Бұл - әлемде бар тәжірибе. Тұңғыш президенттің еңбегі елге сіңген» ,- деді құқықтанушы.

Тағы оқыңыздар: Миллиондаған шығын: Қазақстандағы ең қымбат той қалай өтеді?

Думан Базарбеков қала әкімдігіне ұсыныс жасамас бұрын қаладағы біраз көшенің атауын қарап шыққан. Тең жартысы көне есіммен тұрғанын айтып, оларды тез арада өзгерту керек дейді.

«Алматы күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Көшелерінің атынан адам шошиды. Қала шеттеріндегі даңғылдарды, алыс-жақын ауылдардағы көшенің аты сол баяғы Кеңес заманнан тұр. Қалалық тіл бөлімі «мораторий» деп отыра бермей осы мәселені бүкіл халықтық деңгейде көтеру керек. Себебі жас ұрпақ көше аттарын ести жүріп, оның кім екенін, қазаққа қандай қатысы барын біліп өседі деген ойдамын» ,- деді заңгер.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белгілі заңгер Алматының орталық көшесіне елбасының атын беруді ұсынды (фото)