Выйти
RU

Жалаңаш күйінде "жұлдыз" болған оралдық полицей өзін суретке түсірген қызды сотқа берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

БҚО бойынша жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Кенжебек Құспаевтың айтуынша, қазнетте жалаңаш суреті тарап, "жұлдыз" болған майор Ермек Каюповты ІІД жұмысынан қумайтын болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Құспаевтың сөзінше, суретте Каюповпен бірге болған бойжеткен жезөкше емес, майордың танысы көрінеді.

"Тексеру барысында жасалған алдын ала болжам бойынша, суреттегі әйел полиция қызметкерінің танысы болып шықты, және ол жеңіл жүрісті қыз емес", - дейді Кенжебек Құспаев. - Ол өзінің жеке пайдасына жарату үшін жасырын суретке түсірген.

Сондай-ақ, түсірілім жасалған пәтер майордың танысына тиесілі екені анықталды. Ол тарап кеткен ақпаратта көрсетілгендей "Пентагон" ауданына қарасты емес"

Тағы оқыңыздар: Қызметкерлерін балағаттап тастаған Қапшағай ҚІІБ басшылығы жазаға тартылды (видео)

Бұдан бөлек, Құспаев "жалаңаш полицей" өзінің абыройына нұқсан келтіретін суреттерді желіге таратқан құрбысын сотқа бергенін айта кетті. Енді БҚО ІІД қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 147 бабы, бірінші бөлімі бойынша іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізу үстінде.

Естеріңізге сала кетсек, бейтаныс бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түскен полицейдің суреттері қазақстандықтарды шошытқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жалаңаш күйінде "жұлдыз" болған оралдық полицей өзін суретке түсірген қызды сотқа берді