RU

Алакөлге отбасымен демалуға барған белгілі қазақстандық суретші бассейнге батып кетті

Алакөл жағасында белгілі суретші Сабыр Мәмбеев оқыстан көз жұмды. Қайғылы оқиға Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы «Аквамарин» демалыс орнында болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыс орнына белгілі суретші отбасымен келіпті. Куәгерлердің айтуынша, қария бассейнде тұншығып, бата бастаған. Осы сәтте жағажайдағылар медицина қызметкерлерін көмекке шақырады. Алайда, оны аман алып қалу мүмкін болмапты.

Тағы оқыңыздар: Танымал заңгер Алматының орталық көшесіне елбасының атын беруді ұсынды (фото)

Ақши дәрігерлік амбулаториясының мамандарының айтуынша, 89 жастағы суретші Сабыр Мәмбеевтің өлімі қолқаның тарылуынан болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1574175-alakolge-otbasymen-demalugha-barghan-b.html