RU

Алматылық келіншектің ұлымен бірге ұрлық жасағаны видеоға түсіп қалды (фото)

Алматылық келіншектің кішкене ұлымен бірге көпқабатты үйлерді аралап, балалар арбасы мен ойыншық көліктерді таңдап жүріп ұрлағаны видеоға түсіп қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Аталған бейнежазбаны зардап шегуші (жоғалған арбаның иесі) facebook әлеуметтік желісіне салып, тұрғындарды абай болуға шақырды.

Тағы оқыңыздар: Танымал заңгер Алматының орталық көшесіне елбасының атын беруді ұсынды (фото)

«Кеше есіктің қасында тұрған колясканы біреу ұрлап кетті. Күні бойы үйден шықпай, тек қана кешке оны байқадық. Коляскамыз ескі болсада, кезінде (5 жылдан асты) қып-қызыл ақшаға сатып алдық. Бірақ қазір ол өте керек нәрсе - кенже балам əлі кішкентай ғой.

Бүгін көршім айтып жатыр: кеше таңғы сағат 7-де сендердің колясканы көрдім. Үш баласы бар əйел адам алып кетті. Көршінің немересі ұры әйелдің қолынан өзінің ойыншық машинасын танып, «бұл біздікі ғой» десе, әйел мойдамай «мен оны жолдан тауып алдым» деген.

Полицияны шақырмаймын. Бірақ көнілім орнында емес. Ол әйел баласына қандай үлгі көрсетеді? Ұлымен бірге ұрлық жасап жүр», - деп жазды Мирас Нұрмұханбетов есімді желі қолданушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1574185-almatylyq-kelinshek-ulymen-birge-urly.html