Выйти
RU

Сексенге келген жазушы ашық киінген қазақ қыздарын сөгетіндерге жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сексенге келген қазақ қаламгері Өтен Ахмет ашық-шашық киінгенімен өз адамгершілігін жоғалтпаған қазақ қыздарына қатысты өз пікірін айтты. Өмірінде орын алған жайтпен бөліскен жазушы адамды киіміне қарап емес, адамгершілігіне қарап бағалауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

"Адам аласы ішінде.

Күн күйіп тұр. Аялдама қалқасының астына кіре бере жөн сұрадым. Сұрағаным - жаңа пәтердің кейбір құжаттарын реттейтін мекемелердің бірі еді. Ешкім жарытып ештеңе айта алмады. Көпшіліктің шетін ала бір бойжеткен тұрған. Қысқа шортик, жеңіл мәйке. Талдырмаш, аққұба.

Қай жігіт болмасын: "Шіркін, менің жарым болса екен" дейтіндей. Тал бойында бір мін жоқ. Бірақ, былай қарасаң, ФБ-да күнде сөгіс алып жүрген қыздарымыздың бірі сияқты", - деген ол қазақ қызының бойындағы адамгершілігіне тәнті болғанын айтты.

"Аға, іздегеніңізді қазір тауып берем", - деді бойжеткен кенет. Қолындағы айфонын іске қосып жіберді де, таптым деді. Адресін айтты. Сүйткенше автобус келген. Осыған отырыңыз деді. Өзі де отырды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бір топ жігіт алып қашқан 19 жастағы сұлу бойжеткен өлі күйінде табылды (фото)

Екі-үш аялдама өткеннен кейін: "Аға, іздегеніңіз мынау үй", - деді терезеден көрсетіп. Түсіп қалдым. Құлағымда сүйкімді қыздың ізетке толы сыңғыр үні. Көз алдымда ыстықта жеңіл киінген сұлу сымбаты.

"Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде" дейді атам қазақ. Киім кимей жалаңаш жүретін де халықтар бар. Себебі түсінікті. Ешкім сөкет көрмейді. Киімнің қилы-қилы тарихы бар. Оны қысқа сөзбен ешкім де тауысып айта алмайды. Мен де. Осы жасым ішінде, менің бір білгенім, біздің қайсыбір бауырларымыз стиляга деді, анау деді, мынау деді, әйел затының қалай киінетініне, шаш қоятынына, орамал тағатын тақпайтынына, боянатынына тиісумен келеді. Қазір еркектердің сақалдысы мен сақалсызына қатысты білгішсініп жатыр.

Мен ес білгелі сексен жылдай уақыт өтсе, олардың айтқанынан өзгерген ештеңе көргем жоқ. Уақыт өз дегенін істейді. Уақыттың доңғалағына жармасқаның, Дон Кихот болғаның, астына түсіп өзің жаншылып қаласың. Сондықтан атам қазақтың өсиетін ұстанып, адам пенденің ішіндегі алалықпен күресіп, соны тазарту керек шығар", - деген жазушы адам бойындағы адамгершілік қашан да киімнен биік тұруы керек екенін айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сексенге келген жазушы ашық киінген қазақ қыздарын сөгетіндерге жауап берді