Выйти
RU

Дәрігерлер жалақысын енді интернеттегі "лайктарына" қарай алатын болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде қазақстандық дәрігерлерге жалақыны интернеттегі рейтингке сәйкес төленетін жүйені енгізуді көзеп отыр деп хабарлады Денаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

"Дәрігерлер жұмысының сапасына байланысты еңбекақы алғаны маңызды. Ал бұл сапаны пациенттер анықтайтыны белгілі. Сол үшін адам консультация алу үшін ақпараттық жүйе арқылы дәрігерлер туралы пікір оқып, кімге баратынын өзі таңдай алатындай жүйе құрғымыз келеді", — деді Біртанов журналистерге сейсенбіде.

Оның атап өтуінше, пациент біліктілігі жоғары маманға кезекке тұра ма, әлде рейтингі төмендеу, бірақ бос уақыты бар дәрігерге бара ма, өзі таңдайтын болады.

"Бұл бағалаудың ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады. Әр пациент былайша айтқанда "лайк" қоятын болады. Бұл "жұлдызшалар" жүйеде көрініп отырады, ал қор осы жауаптардың қорытындысы бойынша қанша төлейтінін шешеді. Бұл кері байланыстың бір түрі", — деп қосты министр.

Тағы оқыңыздар: Танымал заңгер Алматының орталық көшесіне елбасының атын беруді ұсынды (фото)

"Дәрігерлер рейтингін жасанды түрде қалыптастырмайды ма?" деген сұраққа Біртанов "Жақсы дәрігерлердің ол үшін уақыттары жоқ", - деп жауап берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігерлер жалақысын енді интернеттегі "лайктарына" қарай алатын болады