Выйти
RU

Қорғаныс министрі Қазақстан аумағындағы Армиялық халықаралық ойындарды ашты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отар» 40-шы әскери базасында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен 2017 жылғы Армиялық халықаралық ойындардың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Жыл өткен сайын Ойындардың пішіні жетілдіріліп, оған қатысушылардың географиясы да кеңейіп келе жатқанын атап өткен жөн. Бұл елдер арасындағы достастық қарым-қатынастардың нығаю және әскери саладағы ынтымақтастық, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық және кәсіби шеберлік деңгейінің арту факторы болып отыр.

«Армиялық халықаралық ойындарды өткізу шынайы жауынгерлік бауырластық пен адами достықтың негізі болып табылады және Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы

Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан лайықты қолдау тауып келеді. Армиялық ойындар көлемді әлемдік спорттық біріншіліктерден еш айырмасы жоқ, халықаралық ауқымдағы керемет іс-шара. Біз үшін оны ең жоғары деңгейде Қазақстанда өткізу үлкен абырой», - деді ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов.

Армиялық халықаралық ойындардың ашылу бағдарламасына сәйкес, қазақстандық барабаншылар мен домбырашылар және қазіргі заманғы жауынгерлік техниканың («Арлан» бронды-дөңгелекті машиналары, «Т-72 Б» танктері) сүйемелдеуімен ҚР ҚМ әскери оркестрі өнер көрсетті. Десантшылар ротасының орындауында көпшілікке қарумен қол жекпе-жегі ұрысының көрсетілімі ұсынылды. Қазақстан әскерінің жауынгерлік ұшақтары мен тіккұшақтары пилотаждық тобының әуе шоуы армиялық ойындардың ашылуының шарықтау шегі болғанын атап өту керек.

Армиялық халықаралық ойындар шеңберіндегі «Артиллериялық атыс шебері», «Мергендік шебі» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының жарысы» байқаулары Қазақстанда 1-9 тамыз аралығында өтеді. Жарыстарға қатысу үшін елімізге әлемнің 18 елінен 28 команданың құрамында 400-дей әскери қызметші келді.

Ойындар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сайты мен «Kazsport» телеарнасынан көрсетілетін болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қорғаныс министрі Қазақстан аумағындағы Армиялық халықаралық ойындарды ашты