Выйти
RU

Астаналық студенттер Ақмола облысында болған жол апатынан қаза болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында елордалық жоғары оқу орнының студенттері жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты 31 шілде күні таңертең Астрахан ауданы Жалтыр кентінен бір шақырым жерде Алматы-Екатеринбург тас жолында орын алды. Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Астанадан Атбасарға бара жатып, жолдан шығып, көлігін аударып алды. 

Жол апаты салдарынан 20 жастағы жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Екінші жолаушы жарақаттармен Астрахан орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Тағы оқыңыздар: Дәрігерлер жалақысын енді интернеттегі "лайктарына" қарай алатын болады

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Mercedes-Benz көлігінде болғандардың барлығы жоғары оқу орындарының 2-ші курс студенті, елорда тұрғындары.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астаналық студенттер Ақмола облысында болған жол апатынан қаза болды