Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелде жүрген Жанар Дұғалова әлемге әйгілі әншімен суретке түсіп, желіні шулатты (фото)

Опубликовано:

Талантты да танымал әнші Жанар Дұғалова әлемге әйгілі шетелдік әнші Николь Шерзингермен суретке түсіп, Instagram желісіндегі оқырмандарын шулатты.

Тыңдармандары шетелде жүр деп болжаған әнші көптен бері сахнада көрінбей кетіп еді. Көпшілік оны халықаралық байқауға дайындық үстінде деп ойлайды. Сондай-ақ, оның елден жырақта жүргенін атақты әншілермен түскен суреттері де дәлелдейді.

Тағы оқыңыздар: Танымал тележүргізуші өзінің эфирден кетуін сұраған көрерменге жауап берді

Осыдан төрт күн бұрын жоғарыдағы суретті жариялаған Жанар бүгін Николь Шерзингермен түскен селфиімен бөлісті.

"Біздің заманымыздың әдемі және талантты әйелдерінің бірімен!!! Сізбен танысқаным үшін қуаныштымын", - деп ағылшынша жазды ол.

Өз кезегінде әншінің оқырмандары Жанарды шетелдік жұлдызға ұқсатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1574464-shetelde-zhurgen-zhanar-dughalova-alemge/

pixel