Выйти
RU

Полицейлерден қорлық көрген жас ана 1,5 миллион теңге өтемақы алатын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы Ішкі істер департаменті былтыр сәуір айында полицейлерден азап көрген Любовь Дорошенкоға 1,5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

"Әйелді Қостанай облысы Қарабалық аудандық ІІБ қызметкерлері азапқа салған. Екі полицей сотталғаннан кейін, Любовь облыстық ІІД-нен моральдық шығын өтеуді талап етіп, арыз берді", — деп жазды Қазақстан адам құқығы және заңнаманың сақталуы жөніндегі халықаралық бюросының директоры Анастасия Миллер.

Тағы оқыңыздар: Дәрігерлер жалақысын енді интернеттегі "лайктарына" қарай алатын болады

Любовь Дорошенконың Қостанай ІІД-нің моральдық шығын төлеу туралы азаматтық ісі дүйсенбі 31 шілдеде қаралды. Жас ана үш миллион теңге өтемақы төлеуді талап еткен.

"Үкім апелляциялық шағым түсіру мерзімі өткен соң күшіне енеді, яғни 15 күн. Прокурор талаптарды жартылай қанағаттандыруды сұрады", — деді заңгер Анастасия Корсак Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Айта кетейік, былтыр сәуір айында Қарабалық ауданының полицейлері 20 жастағы Любовь Дорошенконы полиция бөлімшесіне әкеліп, ұрлық жасағанын қинап мойындатпақ болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Полицейлерден қорлық көрген жас ана 1,5 миллион теңге өтемақы алатын болды