Выйти
RU

АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциялары теңгенің құнсыздануына себеп болуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алдағы уақытта да доллар құны тоқтаусыз өсе беретін сыңайлы. Бұған арзан мұнайдан бөлек, АҚШ-тың Ресейге салып жатқан жаңа санкциялары себеп деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақ үй қожайына тиісті жарлыққа бірер күнде қол қояды деп күтілуде.

Конгрестің өткен аптада қабылдаған Ресейге қарсы санциялары туралы Грузияға сапары барысында вице-президент Майк Пенс айтып берді. Құжатқа сәйкес, енді америкалық бизнесмендерге Ресей банктерімен келісім жасауға шектеу қойылған.

Бұған дейін қаржыландыру уақыты 90 күн болса енді ол 14 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, Ресейдің энергетикалық компаниярымен де арадағы келісім үзілмек. Конгресмендер Арктикадан мұнай өндіретін жаңа жобаларға керекті құрал-жабдық сатуды тоқтатып, егер Ресейге өнімнің 33 пайыздан көп бөлігі тиесілі болса мүлдем қызмет көрсетпеу керек деп отыр.

Тағы оқыңыздар: Полицейлерден қорлық көрген жас ана 1,5 миллион теңге өтемақы алатын болды

Мұнайға тәуелді Ресей экономикасына бұл айтарлықтай соққы болары сөзсіз. Ал Мәскеуге салынған санкцияның салқыны Қазақстанды да айналып өтпейтіні, бұған дейін дәлелденген.

Айта кетейік, бүгін қор биржасында доллар бағамы 330 теңгеден асып кетті. Осылайша, бір күнде екі теңгеге әлсіреп отыр.

Қазір тіпті ақша айырбастау орындарында доллар 333-тен сатылуда. Ал сарапшылар бағам бұдан да жоғары болады деп болжап отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциялары теңгенің құнсыздануына себеп болуы мүмкін