RU

Египетте ұсталған қазақстандық студенттер үйлеріне қайтып келе жатыр

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның алты азаматы Египеттен туған елдеріне қайтып келе жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Студенттердің қазіргі жағдайы туралы СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

«Жаңа ғана қазақстандық елшілермен біздің еліміздің алты азаматын Қазақстанға қайту үшін Каир әуежайына әкеп тастады.

1 тамыз күні Египеттің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қазақстанның елшілігіне хабарласып, ұсталған студенттерді өз отанына депортациялайтындарын жеткізді.

Бұдан кейін Қазақстан елшісі бірден қажетті рәсімдерді жасау үшін әуежайға бет алып, жігіттермен кездесті. Олардың қазіргі жағдайы жақсы. Жақын арада Қазақстанға келеді. 

Азаматтардың Египетте ұсталу себептері әлі жария етілмеді", - деп жазды Жайнақов.

Тағы оқыңыздар: Полицейлерден қорлық көрген жас ана 1,5 миллион теңге өтемақы алатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1574732-egipette-ustalghan-qazaqstandyq-stud.html