RU

Желдеткішке шашы оралып қалған атақты әнші сахнада ән айтуын тоқтатпады (видео)

Сахнадағы желдеткішке шашы оратылып қалса да ән айтуын тоқтатпаған әйгілі әнші Бейонсе жанкүйерлерін тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Стадиондар мен ареналарды толтырып концерт беретін шетелдік әнші тыңдармандарын таңғалдырудан жалығар емес. Оның сахнадағы оқыс жағдайға қарамастан қолындағы микрофонын тастамай ән салғаны желіде лезде таралып кетті.

Әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйерлер сүйікті әншілерінің бұл қылығына сүйсінуден басқа амалдары жоқ екенін жарыса жазуда.

Тағы оқыңыздар: Полицейлерден қорлық көрген жас ана 1,5 миллион теңге өтемақы алатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1574760-shashy-zheldetkishke-oralyp-qalghan-ataqt.html