RU

Суретке түсуден бас тартқан Головкин жанкүйерінің көңілін қалдырды (фото)

Спорт әлемінің "сахна сыртындағы" түрлі қызықтарын жариялайтын TerezOwens.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен болған жағдайға назар аударды деп хабарлайды Sports.kz поратлына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Кеше мен Калифорния штатының Малибу қаласында әйелі Алинамен жүрген Головкинді көрдім. Оны мен және шамамен жиырма жастағы бір жігіт ғана таныды. Әлгі жігіт сыпайы түрде боксшының жанына барып, өзінің шынайы жанкүйер екенін айтып суретке түсуді сұрады. GGG бірден "жоқ" деді де, бұрылып кетіп қалды.

Бұл - менің өмірімде көруге тура келген ең сорақы жағдайлардың бірі болды. Тағы да айтамын: жігіт - автограф іздеп жүрген немесе еріккен біреу емес, ол - жай ғана адам аз кезде Малибу жағажайларының бірінде сүйікті спортшысымен суретке түскісі келген қарапайым жанкүйер.

Мен Головкиннің көлігіне отырып кетіп бара жатқанын түсіріп алдым. Келесіде ол өзінің жанкүйерлері үшін уақыт табады деп үміттенемін", - деп жазады сайт оқырмандарының бірі.

Тағы оқыңыздар: Полицейлерден қорлық көрген жас ана 1,5 миллион теңге өтемақы алатын болды

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1574793-suretke-tusuden-bas-tartqan-golovkin.html