Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 15 жас үлкен әйелге үйленген қарағандылық жігіт той күні қашып кетті

Опубликовано:

Өзінен 15 жас кіші жігітке тұрмысқа шықпақ болған астаналық Гүлнәр.С. есімді ауқатты келіншек қымбат көлігінен айрылып, далада қала жаздады. Бұл туралы танымал заңгер Шыназбек Маханов NUR.KZ порталының тілшісіне айтып берді. Бай әйелдерді ұршықша иірген алаяқ Қарағанды қаласының тумасы екен.

1985 жылы туған әккі жігіт Гүлнәрмен Астанадағы Уәлиханов көшесінің қилысында танысып, оның ауқатты екенін көлігіне (Гүлнәрдің көлігі жол талғамайтын су жаңа БMB X5) қарап білген. Альфонс жігіт келіншекке бір көргеннен ғашық болғанын айтып, артынан қалмай жүріп түскі асқа шақырған. Одан соң ол киноға апарып, бір ай бойы романтикалық кеш ұйымдастырады. Күйеуі қайтыс болып, ерте жесір қалған келіншек жігіттің арам ойын білмей, достықтары махаббатқа ұласқан. Артынша олар некелесіп, үйленуге бел буады.

Гүлнәр альфонсты Астанадағы зәулім үйіне кіргізіп, бір айдан соң жақын туыс-туғанына кішігірім той да жасаған. Бір қызығы, алаяқ жігіт той біткен соң түнделетіп қашып кетіпті.

«Түнде Гүлнәр ұйқысынан оянып қараса жігіт жоқ. Ол бар киімін жинап, үйдегі бағалы заттармен қатар келіншектің сөмкесіндегі қаржысына дейін алып кеткен. Алайда ол қашқанға дейін Гүлнәрдің 2 бөлмелі пәтері мен қымбат джипін де сатып қаржысын қалтасына басқан»,- деді заңгер.

Өзін жетімдер үйінен шыққанмын деп таныстырған альфонстың шын мәнісінде әке-шешесі де, Қарағандыда екі баласы және заңды некедегі әйелі де болған. Ол оңай жолмен ақша табу үшін Астанаға келіп, алты айдың ішінде үш әйелді осылай алдап соққаны белгілі болды. Тіпті кейбір келіншектер алаяқтан аяғы ауырлап, балалы да болыпты.

«Алаяқ Гүлнәрға бірігіп бизнес ашайық. Ол үшін қаржы керек деп оның екі бөлмелі пәтерімен қымбат машинасын сатқызған. (Жалпы сомасы 150 мың долларға жуық.) Ол қаржы үйде тұрған. Той болған түні сол ақшаны ұрлап қашып кетіп отыр. Алайда, зардап шеккен үш әйелдің арызын негізге ала отырып, алаяқ өз жазасын алды.

Яғни жеті жылға сотталды. Біз сот арқылы Гүлнәрдың екі бөлмелі пәтерін қайтарғанымызбен, көліктің қаржысы альфонста кетті», - дейді қорғаушы Шыназбек Маханов.

Алаяқ басқа әйелдерді де тура осындай сценариймен тақырға отырғызған. Бірінің әкесінен қомақты қаржы, енді бірінің лексус маркалы қымбат көлігін өз атына жаздырып алып, артынша сатып жіберген.

Зардап шегушілер бірігіп арыз жазғандарымен барлық шығындарын толықтай қайтара алмапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1574824-ozinen-15-zhas-ulken-ayelge-uylengen-qara/

pixel