RU

Астана базарында ән салған сатушы Қазнет жұлдызына айналды

Астанадағы "Еуразия" базарындағы жұмыртқа сатушысының әсем даусы көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео авторы сатушыдан ән орындап беруін сұрайды. Саудасын жасап, ақшасын санап тұрған келіншек еш қысылмастан "Туған өлке" әнін орындап береді.

Видеоны көрген желі қолданушылары қарапайым адамдар арасында да небір таланттардың бар екенін жазып, сатушының даусына таңданып жатты.

Тағы оқыңыздар: Көшені жалаңаш күйінде кезген қызылордалық бойжеткен видеоға түсіп қалды

"Үнемі бұл кісі ән айтып тұрады", "Даусы қандай әдемі", "Көңілді сатушы", "Барлық жерде осындай сатушылар болса ғой",-деп жазған олар.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1574837-astana-bazarynda-salghan-satushy-qaz.html