RU

ЭКСПО-ға қыдырып барған мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы елордалық клиникаға әр түрлі жарақаттармен түсті, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

24 шілде күні Астанадағы ЭКСПО-ны тамашалауға бір топ оқушымен бірге келген 12 жасар қызды автокөлік қағып кеткен. Ол әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылыпты.

Ақпаратты оқушының анасы растаған, бірақ директорға да, топ басшысына да шағымы жоқ екенін алға тартып, мән-жайды түсіндіріп беруден бас тартты.

Тағы оқыңыздар: Астана базарында ән салған сатушы Қазнет жұлдызына айналды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1575011-ekspo-gha-qydyryp-barghan-mektep-oqushys.html