RU

Ән салғанды жақсы көретін президент елді күлкіге қарық қылды

Күнде бір өнер шығаратын Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердімұxамедов ғаламтор желісінде күлкіге қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ютуб және басқа да әлеуметтік желілерде күн сайын оның немерелерімен бірге өлең шығарып, әскери оқу-жаттығуға қатысып, сұр мергендік танытқаны, бәйгеге қатысып бірінші болып келгені сынды жаңа өнері пайда болуы ТМД жұршылығының күлкісін келтіруде.

Тіпті, Түрікменстанның ұлттық арнасында кино мен сериалдардың көзі жойылып, тікелей эфирде президенттің кітабынан үзінді оқуды ғаламтор желісіндегілер «бассыздыққа» теңеді.

Тағы оқыңыздар: Қырғызстан президенттігіне үміткерлердің ішінде жетеуі бұрын сотталған болып шықты

Себебі, журналистердің халыққа оқып жатқан кітап үзіндісінің басым көпшілігі саясат туралы емес, президенттің шай мен музыканың адамға тигізер пайдасы жайлы екен.

Тағы бір айтары, Түрікменстан басшысы өзі президент болған 10 жылда 35 кітап жазып үлгерген. Елдегі тұрғындар президентке деген ықыласын осы кітапқа басын қойып, тағзым ету арқылы білдіреді.

Мұсылмандар болса қасиетті құраннан басқа кітапқа тағзым ету «күнә» деп санап, түрікмендерге реніштерін білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1575183-kunde-bir-oner-shygharatyn-turikmensta.html