RU

Танымал әншімен бірге гитарада ән айтқан қазақ қызы тыңдармандарды тәнті етті (видео)

"Ханшайымына" ән арнаған қазақ эстрадасының "Ханзадасы" Ғаділбек Жағаймен бірге гитарада ән шырқаған бойжеткен желі қолданушыларына ұнап қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталмыш видео Instagram желісіндегі танымал топтарға лезде тарап кеткен. Гитараның сүйемелдеуімен сағыныш жайлы ән салған ару биязылығымен тыңдармандарды баурап алыпты.

Оның даусын ерекше деп бағалаған көрермен бірден әннің атауын сұрап, қызығушылық танытқан.

Кейбір желі қолданушылары Ғаділбектің жанындағы қыздың Әйгерім есімді ақтөбелік әнші екенін жазды. Ол бұған дейін Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа секілді әншілермен дуэт болған.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға қыдырып барған мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1575256-tanymal-anshimen-birge-gitarada-shyr.html