RU

Алматыда арнайы операция жүргізіліп, төрт адам ұсталды (фото, видео)

Алматының Брусиловский көшесінде арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде төрт адам ұсталды деп хабарлайды қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұсталған төрт адамның барлығы бұрын сотталған Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Күдіктілердің барлығы тонаушылықты кәсіп еткен.

Тағы оқыңыздар: Жаудың оғы: Қостанайлық қария жамбасындағы оқпен 73 жыл бойы жүрген (фото)

Полиция қызметкерлері қаскөйлерді қылмыс үстінде ұстауды шешкен. Олар үйреншікті ісін жасап болған соң бірден қолға түсті.

ІІД-нің хабарлауынша, олардың қашып кету жайлы ойлағаны жүзеге аспай қалды. Қазіргі таңда тәртіп сақышлардың күдіктілердің жеке-басын және басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1575534-almatyda-arnayy-operaciya-zhurgizilip.html