RU

Қазақ спортшы қарсыласын 27 секундтың ішінде ұрып құлатып, әлем чемпионы атанды (видео)

Хорватияның Сплит қаласында өткен комбат джиу-джитсудан VII әлем чемпионатында қазақстандық Ерлан Тілеуімбетов финалда қарсыласын жарты минутқа жеткізбей сұлатып салып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды деп хабарлайды baq.kz.

Айта кетейік, Ерлан Тілеуімбетов жастар арасында әлемнің екі дүркін чемпионы болған.

«Халықаралық аренада біз еліміздің абыройын қорғаймыз. Жекпе-жек кезінде менің жеңісім Қазақстанның жеңісі екенін бір сәтке де ұмытпаймын», - деп жазды Ерлан истаграмдағы ресми парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Алматыда арнайы операция жүргізіліп, төрт адам ұсталды (фото)

Жалпы биылғы әлем чемпионатында еліміздің намысын 4 спортшы: Ерлан Тілеуімбетов, Темірлан Айсәділов, Шыңғыс Парымбеков және Әлішер Үмітбеков қорғады.

Команданың қоржынына алғашқы алтынды 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Алматы қаласының спортшысы Темірлан Айсәділов салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1575603-qazaqstandyq-sportshy-qarsylasyn-27-sek.html