RU

Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды

Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үшінші тамызда тәулік бойы Қостанай облысында найзағай, кей жерлерде екпіні 25 м/с жел, бұршақ, дауыл болады деп болжанып отыр. Үшінші тамызда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с болады.

Тағы оқыңыздар: Түсірілім алаңы табыстырған жұлдыздар кімдер? (фото)

Сондай-ақ Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ түсіп, дауыл тұруы ықтимал, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша үшінші тамызда күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ түсіп, дауыл болады, жел екпіні 25 м/с күшейеді.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреуі ықтимал. Тәулік бойы оңтүстік-батыстан секундына 17-22 метрге жететін жел соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1575795-bes-oblysta-dabyldy-eskertu-zhariyalan.html