RU

Ішімдікке тойып алған ана екі жасар сәбиін терезеден лақтырып жіберді

Татарстанда 33 жастағы ана өзінің екі жасар сәбиін өлтірмек болды деп айыпталып жатыр. Бұл туралы ntv.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тергеу мәлімтіне сәйкес, бірінші шілде күні бүлдіршін әжесімен және анасымен бірге тұратын азаматпен серуендеуге шығады.

Ал 33 жастағы әйелді мас болғандықтан үйге тастап кетеді. Біруақытта мас әйел көшеге шығып алып, туыстарының көзінше шу шығарады.

Осыдан кейін отбасы үйге кіруге бекінеді. Подъездеге келгенде әйел ер адамның қолынан баланы жұлып алып, үйдің есігін ішінен құлыптап алады.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте тікұшақ бастаған той кортежіне ел тамсанып қалды (видео)

Сөйтіп, сәбиді екінші қабаттан лақтырып жіберіп, артынан өзі де секіріп кетеді.

Қазір сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Ал анасы қабырғасын сындырған.

Әйел адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда ол кәнсін мойындамай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1575855-ishimdikke-toyyp-alghan-ana-eki-zhasar-sa.html