RU

Қарағандыда жолаушыларға таласқан автобус жүргізушілері жаға жыртысты (видео)

Қарағандыда қоғамдық көлік қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Қалалық №53 және №30 автобус қызметкерлері жолаушыларға таласып, бір-бірімен ел алдында төбелесіп қалды деп хабарлайды newtimes.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл жайт туралы оқиға куәгерлері хабарлаған.

Олардың айтуынша, автобус жүргізушілері мен жолсеріктер бір-бірімен бақталастық себебінен төбелескен. Автобустар бір-бірінің жолын жауып, "Мечта" аялдамасынан шығуға кедергі болған.

Куәгерлердің олардың дөрекілігін көріп жағасын ұстағанын айтады. Осылайша бір-біріне бейәдеп сөздерді жаудырған қақтығыстың соңы төбелеске ұласқан.

Тағы оқыңыздар: Көз жасын тоқтата алмаған ана: Өтінем қызымды табуға көмектесіңіздерші

«Сенімен ісім кешке болсын, көзілдірігіңнен басқа ешнәрсең қалмайды", - деді бір автобус жүргізушісі", - деп айтып берді куәгер.

Қарағанды әкімдігі бұл іспен жолаушылар көлігі секторының мамандары айналысып жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1576164-qaraghandyda-zholaushylargha-talasqan.html