RU

Алматы облысында тұрғын жеке емханасын ашып алған дәрігерге қараламын деп көз жұмды

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан Назымгүл Кәрібжанова ауылды жерде жекеменшік клиникасын ашып алған дәрігерге қараламын деп қаза болды. Марқұмның туыстары адам өліміне қатысты құқық қорғау органдарына арыз түсіргенімен, емші әлі күнге дейін науқастарды күмәнді дәрі-дәрмектермен емдеуін тоқтатқан жоқ деп хабарлайды 31 арна.

Назымгүл Кәрібжанованың ауруы асқынып, бүкіл денесіне жарасы тарқап, аяқ-қолы ісіп, басын көтере алмайтын жағдайға түскен. Марқұмның туыстары әйелдің мұндай мүшкіл хәлге түсуіне емші кінәлі деп отыр. Себебі, Назымгүлге екі жыл бұрын сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Ал Елена Норокова есімді емші "онкологтарға барма, өзім жазамын" деп күмәнді дәрілермен емдеп келген көрінеді. Туыстары "тіпті іріңдеп кеткен омырауына Вишневский жақпа майы мен солидол жағып, науқас немқұрайлы болсын деп психотропты дәрілер берген" дейді.

Тағы оқыңыздар: Алматылық келіншекті күйеуі екінші қабаттан итеріп жіберді

Назымгүл Кәрібжанова емделген жекеменшік аурухана Алматы облысының Ташкенсаз ауылында орналасқан. Әлі күнге дейін бұл емханада ауруына ем іздеген адамдардың қарасы көп. Маңдайында еш жазуы жоқ үш қабатты ғимарат жекеменшік аурухана. Бұл жерде жалғыз дәрігер Елена Норокова ғана, қалғандары медбикелер мен оның көмекшілері.

Емшіден қандайда бір түсініктеме алауға барған тілшілерді оның қарауылы тап беріп, қуып шыққан.

"Бұл кісінің маманы - массажист. Тіпті менің өзіме фенозепамды берді. Ал мен аптекадан фенозипанды сұрасам олар айтады: "Бұл психотропты дәрі. Құрамында есірткі бар. Оны тек дәрігердің нұсқауымен алу керек" деді. Ал бұл кісі оны осында жатқан адамдарға тыныштандыратын дәрі ретінде бере береді. Адамдар мұнда жата береді, бірақ өлімін күтіп жатады", – дейді марқұмның сіңлісі Айман Кәрібжанова.

Назымгүл Кәрібжанованың туыстары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер департаменті мен аудандық прокуратураға да арыз жазған. Алайда, бұл іске қатысты құзырлы органдардан бірде бір жауап болған жоқ.

"Маған ешкім ештеңе істей алмайды дейді. Сендер қайда барсаң онда бар, ешкім ештеңе істей алмайды дейді. Осылай бизнесімді жалғастыра ете берем деді", - дейді марқұмның сіңлісі Айман Кәрібжанова.

Марқұмның туыстары адам емдеуді бизнеске айналдырған емшісымақ кәсібін дөңгелетіп жүре бере ме деп алаңдап отыр. Себебі, ем қонбай наразы боп кеткен жұрт көп, алайда олар құқық қорғау органдарына барып шағымданбаған. Ал заңгер Алмас Жұмағали дәстүрлі емес емшілер "қатерлі ісік ауруына шалдыққан дәрменсіз аурларды эксперимент алаңына айналдырып жіберген" дейді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда көлік таптап кеткен қызға қатысты жаңа деректер шықты

"Мұндай проблемаға жолыққан адамдар психологиялық тұрғыдан жақынын жоғалтқан соң, ауруға душар болған соң ештеңеге шағымданбайды, органдарға сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан қай кезде де прокуратураға шағымдануға болады, себебі ол қадағалаушы орган", - дейді заңгер Алмас Жұмағали..

Назымгүлдің өмірден өткеніне екі айдан асты. Оның артында кәмелетке толмаған қос қызы мен жолдасы қалды. Әйелдің жақындары басқа сырқаттар біз сияқты алданып, бармақ тістеп қалмаса екен дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1576505-almaty-oblysynda-qaterli-isikke-shald.html