RU

Адам шошырлық түрімен "мысық" атанған 71 жастағы миллионер тұрмысқа шыққалы жатыр

Пластикалық ота жасатамын деп ұсқынсыз түрге ие болған тележүргізуші, миллионер әйел Джоселина Вильденштейн тұрмысқа шыққалы жатыр деп хабарлайды newsyou.info сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көпшілік "мысық әйел" деп атап кеткен миллионер 71 жаста. Оның 50 жастағы сүйіктісі америкалық дизайнер Ллойд Кляйн.

Олар бұған дейін 14 жыл бойы бірге жүрген. Джоселина Ллойдты қызғанып, оның кеудесіне пышақ сұғып та алған.

Тағы оқыңыздар: Тікұшағы бар той кортежін шымкенттік полицейдің өзі бастап жүрген (фото)

Дизайнер мен тележүргізуші осыдан кейін өмір бойы қосылмайтын болар деп болжаған жұрт олардың қайта қосылғанын қатты таңғалды.

Кляйн қалыңдығына 32 караттық бриллиант сыйлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1576595-adam-shoshyrlyq-turimen-mysyq-atanghan-71.html