RU

Мемлекеттік қызметкерге қай уақытта жұмысқа джинсымен келуіне болады?

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев қай кезде мемлекеттік қызметші жұмысқа жай киіммен келе алатынын айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біздің пікірімізше, мемлекеттік қызметші қызметі бойынша қажет болған кезде, демалыс күні орталық мемлекеттік органға джинсы, спорттық аяқ киім киіп келгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмауы тиіс", — деп жауап берді агенттік төрағасының орынбасары.

Тағы оқыңыздар: Тікұшағы бар той кортежін шымкенттік полицейдің өзі бастап жүрген

Дегенмен, Ішпекбаев назар аударып өткендей, Этикалық кодекс қағидаларына сәйкес, жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер моральдық-этикалық нормаларды сақтап, бейәдеп мінез-құлық көрсетпеуге міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1576660-memlekettik-qyzmetkerge-qay-uaqytta.html