RU

Қанат Ислам қатысатын «Кәсіпқой бокс кеші» аясында қандай шаралар өтеді?

9 қыркүйекте ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының және «Жер-су» корпорациясының қолдауымен Астанада «Кәсіпқой бокс кеші» өтеді.

Шаршы алаңда әлемнің бірқатар елдерінен келген ең мықты боксшылары жұдырықтасады. Басты жекпе-жек – жеңіліп көрмеген былғары қолғап шеберлері Қанат Ислам мен Брендон Куктың кездесуі.

9 қыркүйекте сағат 18.00-де, «Сарыарқа» велотрегі.

Соған байланысты «Кәсіпқой бокс кешінің» ұйымдастырушылары бірнеше медиа-шара жоспарлап отыр.

4 тамыз күні Алматы – Астана бағыты бойынша сағат 13:00-де елордамыздағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайына Қанат Ислам, Жанқош Тұраров және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді боксшылар Нельсон Лопес бастаған бапкерлер қосыны жаттығу жұмыстарының соңғы кезеңін өткізу үшін келеді.

Арнайы БАҚ өкілдері үшін ұшып келушілер аймағында баспасөз мәслихаты ұйымдастыралы. Ол жерде алда өтетін бокс кешінің жоспарлары айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1576716-qanat-islam-qatysatyn-kasipqoy-boks.html