RU

Алматыда алып қашудың құрбаны болған қызға қатысты тың деректер шықты

Алматыда алғашында алып қашып кетті деп, артынша мәйіті табылған бойжеткенді көргендер мен оның жақын туыстары полицияның сөзіне сенбей отыр деп хабарлайды NUR.KZ  порталы.

Алғабас ықшам ауданындағы 10 қабатты №6 үйдің тұрғындары Тілеугүл Қуаныштың мүрдесін аулаларынан таңғы сағат 5 30-да тапқан. Куәгерлердің сөзінше, қыз құлаған жерде ешбір қан іздері болмаған. Керісінше Тілеугүлдің қолы алға қарай созылып жатқанына қарап, оның мәйітін біреулер әдейі әкеліп қойған ба деп күдіктенеді.

Тағы оқыңыздар: Тікұшағы бар той кортежін шымкенттік полицейдің өзі бастап жүрген (фото)

«Көршім есікті қағып "аулада қыз жатыр, барып көрейік, көмек керек шығар" деді. Алғашында мастықтан ұйықтап қалған ба деп ойладық. Себебі, оның денесі құлап өлгенге мүлдем ұқсамайды, байқалмады да. Дереу полиция, жедел жәрдем шақырдық. Кейін білдік қыздың қайтыс болып кеткенін. Үйде жанжал, айқай-шу естілмеді. Бәрі тыныш еді» , - деді №6 үйдің тұрғындары Алматы арнасына берген сұқбатында.

Ал, Тілеугүл Қуаныштың жеңгесі болса 8-қабаттан құлаған қыздың дене мүшесінің сынбағанына таң қалады әрі оның өзіне қол салғанына сенбейді.

«Ақтық сапарға дайындап, өзім жуындырдым. Екі білегі  мен беті қатты көгеріп кеткен. Оны біреу зорлықпен ұстағаны көрініп тұр. Біз тергеудің әділ жүргізіліп, қылмыскер жазасын алады деп сенеміз. Куәгерлер қыздың құлағанына ұқсамайды, біреу әдейілеп отырғызып кеткен сияқты деп айтты», - дейді әпкесі Жайнагүл Закирханқызы.

Тағы оқыңыздар: Алматылық келіншекті күйеуі екінші қабаттан итеріп жіберді

Туыстарының сөзінше Тілеугүлдің мүрдесінің жанынан сөмкесі мен ұялы телефоны да табылған.

"Өлетін адам сөмкесін, телефонын алып секірмейді ғой терезеден. Жарайды солай секірді делік, онда неге олар сынбай қалған? Кеше үйге көңіл айтып Азиздың шешесі бастаған  5-6 әйел келіп "балаларымызды кешіріңдер, білместік болды. Олар кінәлі емес" деп кешірім сұрады. Соған қарағанда Азиз жалғыз емес, бірнеше жігіт болған. Қызымыздың өліміне кінәлі жігіт бостандықта жүр. Полиция "оның жазығы жоқ" деп бет бақтырмайды. Сонда кім кінәлі? Біз барып сұрап білдік. Тілеугүлді ұстаған пәтер полиция майорының мемлекеттен алған баспанасы, бірақ жалға беріп қойыпты. Соған қарап осы жерде бір шикілік бар деп ойлаймыз ", - деді NUR.KZ тілшісіне  қайтыс болған қыздың жездесі.

Тілеугүлдің өліміне кінәлі деген күдікті Азиз есімді жігіт Ұзынағаштың Жаңақұрлыс ауылының тұрғыны болып шықты. Жігіт бойжеткеннен бірнеше жас үлкен екені тергеу кезінде анықталған. Тағы бір айтары Тілеугүл құлаған пәтер Азиздың туысына тиеселі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1576806-almatyda-8-qabattan-qulaghan-qyzdynh-tuy.html