RU

Америкалық полицей Димаштың елордада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Астанада 9 қыркүйекте өтетін бокс кешінде Нью-Йорктың ең мықты полицейі атанған Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметі.

"Отандасымыздың қарсыласы угандалық Чарлес Мулиндва болады, оның есебінде 12 жеңіс бар, 3 рет жеңілген және бір рет қарсыласымен тең түскен", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Мулиндва үш жеңілісінің екуінде ресейлік боксшылар Висхан Мурзабеков мен Манвел Сарксянға есе жіберген. Үшінші рет төрешілердің даулы шешімімен отандасы Ричард Ндифаннан жеңілген. Соңғы рет 29 жастағы боксшы тағы бір отандасы Сулу Катумбамен жұдырықтасып, оны нокаутқа түсірген.

Димаш Ниязов 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Боксшы енді өзінің 12 жекпе-жегін тарихи отанында өткізеді, бұл оның Қазақстанда тұңғыш рет жұдырықтасуы. Себебі, Ниязов 13 жасында АҚШ-қа көшкен. Алайда ол бокспен Шымкентте шұғылдана бастаған. Димаштың ең алғашқы бапкері - Нұрғали Сафиулин болған.

Тағы оқыңыздар: Атырауда бесінші қабаттан құлап кеткен бір жасар сәби өмір үшін күресіп жатыр

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жұдырықтасқан Руслам Мырсатаевтың қарсыласы белгілі болған еді. Аса ауыр салмақтағы боксшымыз америкалык Майк Бологунге қарсы шаршы алаңға шығалы. Осы кеште өнер көрсететін Жанқош Тұраров болса аргентинкалық Бруно Леонардо Ромэмен жұдырықтасады.

Еске салайық, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577172-amerikalyq-policey-dimashtynh-elordad.html