RU

Бахрейнде жоғалып кеткен астаналық қыздың анасына қорқынышты хат келген

Бахрейнде жоғалып кеткен Тагина Хайтметованың ата-анасына қыздарын қайдан іздеу керек екені жазылған хат келді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тагинаның анасы - Матлюба Ханжанова WhatsApp желісіне өзін қазақстандықпын деп таныстырған және Бахрейнде екенін айтқан бейтаныс қыздан хат келгенін айтты.

«Мен мұнда бір ай бұрын келдім. Келген бойда менің құжаттарымды тартып алып, қонақ үйде жұмыс істеуге мәжбүрледі. Ақшамды да алып қойды. (...) Үш аптадан бері мен сыртқа шыға алмай жүрмін. Мені әр қонақүйден келесіге көшіріп жатыр. Мен ол жерлердің атын білемін. Сіздің қызыңыз сол қонақүйлердің бірінде», - деп жазған бойжеткен аудио-жазбасында.

Сондай-ақ, ол Бахрейнге ақша табу үшін келіп, құлдыққа түскенін де айтқан. 

«Мұнда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді. Алдайды: алдымен массаж жасайтын немесе әкімгерлік жұмыспен айналысасың деп айтады. Бірақ олай емес», - деп мәлімдеген бейтаныс қыз.

Тағы оқыңыздар: Атырауда бесінші қабаттан құлап кеткен бір жасар сәби өмір үшін күресіп жатыр

Матлюбаға хат жолдаған бойжеткен оның қызы Тагинаның да сондай жағдайға тап болуы мүмкін дейді.

Хайтметованы іздеуге қазақстандық елшілер кірісіп кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, 24 жастағы қазақстандық қыз Бахрейнге жұмыс істеуге кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Ата-анасының сөзіне қарағанда, жұма, 28 шілдеде, бойжеткен қыз жұмыс тауып, араб мемлекетіне тұрақтағанын хабарлаған. Бірақ содан бері байланысқа шықпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577194-bakhreynde-zhoghalyp-ketken-astanalyq-q.html