RU

Алматылықтар ескі үйлерін әкімдіктің су жаңа үйіне айырбастаудан бас тартты

Алматыда мыңнан астам тұрғын үй сүрілгелі жатыр. Олардың орнына жаңасы салынбақ. Тұруға қауіпті деп танылған баспаналардың басым бөлігі 70-80 жыл бұрын бой көтерген ғимараттар. Қазір қала басшылығы ескі үй иелерімен келіссөздер жүргізуде. Көпшілігі су жаңа баспанаға көшеміз деп қуанып жүрсе, енді бір бөлігі сапасыз үйге бармаймыз деп тапжылмай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

"Үйлерің сүріледі деді да, суымыз бен жарығымызды кесіп тастады. Адамдардың барлығы амалсыз олардың берген сапасыз, сылағы түсіп жатқан үйіне көшті. Мен неге онда баруым керек. Берген ақшалары ештеңеге жетпейді. Сексеннен асқан әкем бар. Біз соңына дейін барамыз",-дейді Алматы қаласының тұрғыны Светлана Вострикова.

Қала тұрғындарының алаңдауы да бекер емес. Алматы әкімінің өзі ескі үйлердің орнына салынып жатқан ғимараттардың сапасы сын көтермейтінін айтқан. Ал құрылысшылар барлығына бірдей жағу мүмкін емес деп отыр. Алайда, әкімдік қызметкерлері "Ешкімді мәжбүрлемейміз. Тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Көшу-көшпеу жағын өздері шешеді", - дейді.

Тағы оқыңыздар: Бахрейнде жоғалып кеткен астаналық қыздың анасына қорқынышты хат келген

"Халықпен жұмыс істеу әрқашан қиын ғой. Бәріне жағу мүмкін емес. Шамамыз келгенше түсіндіріп жатырмыз. Олар тұрып жатқан үй қауіпті. Құлап кетсе өздеріне жаман болады. Сол үшін жаңа үйлерге көшіндер деп түсіндіріп жатырмыз", - дейді құрылыс мекемесінің директоры Асқар Мапаев.

Алматы қаласы тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша 2012-2015 жылдары 48 үй сүіріліп орнына 51 үй салынса, 2024 жылға дейін тағы мыңнан астам үй сүіріліп орнына жаңасы салынбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577264-almatylyqtar-eski-uylerin-akimdikti.html