RU

Маңғыстаулық келіншек ата-енесінен сот арқылы жасауын қайтарып алған

Маңғыстаулық келіншек күйеуімен ажырасуына байланысты сотқа жазған арызында ата-енесінен дүние-мүлікті қайтаруды міндеттеуді сұраған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сот отырысында тараптар іс бойынша медиатордың жәрдемдесуімен медиция тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге келді.

Келісім бойынша, арызданушы А. есімді әйел талабын нақтылап, жауапкерлерден өзіне тиісті техникалық құралдарды талап ететінін көрсетті, ал ата-енесі аталған мүліктерін 4 күн ішінде қайтаратын болды. Сондай-ақ, оны А. өзі барып алып кетеді және тасымалдау шығынын өзі көтермекші.

Мұнайлы аудандық сотының ұйғарымымен тараптардың арасында медиция тәртібімен жанжалды реттеу туралы келісім бекітілген.

Тағы оқыңыздар: БҚО-да көлігімен адам қағып өлтірген депутаттың үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды

Ұйғарым заңды күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577470-manhghystaulyq-kelinshek-ata-enesinen-s.html