RU

"Балаларың өліп қалсын": алматылық жүргізуші келіншекті қарғап тастады (видео)

Жұрттың ашуына тиген оқиға кеше сағат шамамен 19:00-де Алматыдағы Айнабұлақ-3 шағын ауданында болған деп хабарлайды patrul.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Күміс түсті Chevrolet автокөлігін тізгіндеген жүргізуші әйелдерге жол бермегенімен қоймай, балаларына өлім тілеген. Бұл жағдай көліктерге арналған жолда емес, тротуардың бойында болды.

Жас жігіт сәбилерімен бірге далаға серуендеуге шыққан аналардың жолына тұрып алыпты. Шамасы өзіне жол беруін күткен болса керек.

Сөйте тұра, бұл жолдың тек жаяу жүргіншілерге арналғаны жүргізушіні еш алаңдатпаған секілді.

Тағы оқыңыздар: Америкалық полицей Димаштың елордада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Әйелдер жүргіншілер аймағын босатып, келген жолымен көлігін кері бұрады деген оймен оған жол бере қоймаған. Алайда, қырсығып алған жігіт өзінің қатесін мойындағысы келмепті.

Шамалы уақыт өткен соң адамдарды айналып өтуді жөн санаған ол "қоштасу сөзіне" «Балаларың өліп қалсын» деп қорқынышты тілек айтып кетті.

Жол ережесін бұзған жүргізушінің ісі полицияға өткізілген.

Тағы оқыңыздар: БҚО-да көлігімен адам қағып өлтірген депутаттың үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577485-balalarynh-olip-qalsyn-almatylyq-zhurg.html