RU

Дубайда әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі өртке оранды (видео)

Дубайдағы «Алау» зәулім ғимаратының тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Бұл туралы RT агенттігі хабарлады.

«Азаматтық қорғау қызметі ғимараттағы шыққан өртті ауыздықтау үшін халықты шұғыл түрде эвакуациялады», - делінген Twitter-дегі Дубай билігінің өкілдері.

Тілсіз жау дер кезінде сөндірілді, қазір ауа салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, дәл осы 86 қабатты зәулім үй 2015 жылы да өртенген еді.

Тағы оқыңыздар: "Барселона" үздік футболшы Неймарды қанша миллион еуроға сатты?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577662-dubayda-alemdegi-enh-biik-ghimarattard.html