RU

Мұратхан Тоқмәдидің қызы түрмедегі әкесіне сағыныш хатын жолдады (фото)

Ірі көлемде ақша бопсалады деген айыппен қамауға алынған белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зере Шәкерхан түрмедегі әкесіне сағыныш хатын жолдады.

Тоқмәдиді туған күнімен құттықтаған Зере өзінің жүрекжарды сөздерін Instagram парақшасына жариялаған.

"Бүгін менің ең сүйікті және ең жақын адамым - әкемнің туған күні.

Бүгін менің әкемді көрмегеніме, күніне 10 рет  "қалайсың? не істеп жатырсың? не жаңалық?" деп хабарласатын әкеммен сөйлеспегеніме және әлемдегі ең ыстық құшақты сезінбегеніме 52 күн болды...", - деп сөзін бастаған ол әкесіне деген сағынышын жеткізді.

Тағы оқыңыздар: "Барселона" үздік футболшы Неймарды қанша миллион еуроға сатты?

"Бірақ әр түн сайын әкемді түсімде көремін: менің оған қарай жүгіріп бара жатқанымды, жүрегім жарылып кетердей толқитынымды, әрең жүгіріп жеткенде бар күшіммен, тіпті одан да қаттырақ қысып құшақтайтынымды және екеуміздің де өксіп жылайтынымызды көремін.

Екеуміздің кездесуіміз әр түн сайын әр жерде, әр түрлі жағдайда өтеді, бірақ сезім біреу ғана.

Ал кейін ояна сап мұның жай ғана түс екенін, әкемді құшақтай алмайтынымды түсінемін.

Әр күн сайын мен оның жағдайын ойлаймын. Білемін, ол бізді сағынып, мұңайып, қатты уайымдап жүр. Мынадай ыстықты көтеру қиынға соғып жатқан шығар... ол салқын жерде ұйықтап үйренген. Оның пайдалы екенін үнемі айтатын. Біз беріп жіберетін тамақтар ұнап жатыр ма екен... Денсаулығы қалай, жүрегі ауырмай ма?", - деп уайымдаған Зере күні-түні дұға тілеп жүргенін де жазды. 

Тағы оқыңыздар: Әкімнің өзі талдықорғандық «үздік ұстазға» сыйға берген пәтерді әкімдік тартып алды

"Мен қатты сағынып жүрмін. Бірақ өзімді күшті болуға көндіріп жатырмын, ол әкеме көмектеседі. Және ол тірі болғаны үшін Жаратқанға рахмет айтамын.

Бірақ, қазір болмағанмен бір күні мен оған өмірімдегі жаңалықтарды жеткізе алатын боламын. Қатты-қатты құшақтай аламын. Сүйікті қорғанымның жанында өзімді бақытты қыз сезіне аламын.

Құдайға жалбарынып осы күнді жақындатуын сұраймын. Әкемнің денсаулығы жақсы болсын деп тілеймін. Бәрінен бұрын әділеттілік орнаса екен деймін.

Әке, туған күніңізбен! Мен сені шексіз жақсы көремін❤️", - деп аяқтады сөзін бизнесменнің қызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577752-muratkhan-toqmadidinh-qyzy-turmedegi.html