RU

Нағима Есқалиеваның ұлы Әли Оқаповқа деген қызғанышын жасырмады (фото)

Халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев жанкүйерлерінің өзін әнші ретінде қабылдамайтынынан және елдің өзіне Нағиманың ұлы ретінде ғана қарайтынынан шаршағанын айтты. Бұл тұрғыда ол өзін әртіс ретінде мойындата білген Роза Рымбаеваның ұлы Әлиге қызғана қарайтынын жеткізді.

Әнші бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

Нағима Есқалиеваның өзі ұлының әртіс болуын қолдамағанымен Диас Аблаев  шығармашылықпен белсенді айналысуын тоқтатқан емес.

"Білесіздер ме, мені адамдар тиісінше қабылдамайтын сияқты. Нақтырақ айтсам, менің шығармашылығымды.

Тағы оқыңыздар: Мұратхан Тоқмәдидің қызы түрмедегі әкесіне сағыныш хатын жолдады (фото)

Меніңше, адамдар мені музыкамен ермек үшін айналысады деп ойлайды. Бұл менің басты жұмысым емес, жәй хобби деп қарайды. Иә, мен бір кездері параллельді жобалармен айналыстым және бастапқыда кеңселік жұмысты музыкамен қатар алып жүрдім.  Менен "Сен Астанада жұмыс істейсің бе?" деп сұраған кезде, түсінбей қаламын.

Менің әртіс болғаныма 4 жыл болса да, әлі күнге дейін мені "біреудің" әнін айтып, сатып алады деп ойлайды. Тіпті кей кездері менің әріптестерім "Тамаша ән! Сен мұны "анадан" алдың ба?" деп сұрайды. Бәрін өзім құрастырғанмын", - дейді Диас.

Ол көптеген мерекелік салтанаттарда өзін ең алдымен Есқалиеваның ұлы деп таныстыратынын айтады.

"Мен көптеген іс-шараларда анамның аты арқылы мені таныстыратындарды айтпай-ақ қояйын.  Әрине, бұл проблеманың 2 себебі бар: біріншісі және ең маңыздысы - сені әртіс ретінде танымау, екіншісі де сол баяғы сені толыққанды әртіс ретінде қабылдамау.

Тағы оқыңыздар: "Барселона" үздік футболшы Неймарды қанша миллион еуроға сатты? 

Бұл тұрғыда мен өзін жеке әнші ретінде мойындата алған Әлиге аздап қызғанышпен қараймын. Менде бұл кешеуілдеу болып жатыр", - деп жазады әртіс.

Ол тіпті өзінің достарының да жеке әнші ретінде өзіне қарай алмай жүргенін жазады.

"Тіпті менің достарымда бұған үйрене алмай жүр. Бар күшіңді салып,  мейілінше музыкаңмен қуантқың келгенде өзің күткен нәрсе болмай жатады" -деп ағынан жарылды  жанкүйерлеріне ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577778-naghima-esqalievanynh-uly-ali-oqapovqa.html