RU

ОҚО-да бір-бірімен жаппай атысуға шыққан мектеп оқушылары елді шулатты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы екі ауылдың жасөспірімдері бір-бірімен жаппай төбелеске шықты. Нәтижесінде 17 жастағы жас жігіт қайтыс болды.

Екі ауылдың жастары бір-бірімен неліктен қақтығысқаны анықталуда. Алайда Құтарыс және Оймауыт деп аталатын екі ауылдың жоғарғы сынып оқушылары Whatsapp желісі арқылы бір-бірімен жекпе-жекке шығу үшін "келіссөздер" жүргізген.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық ауыратлет Светлана Подобедова ана атанды

Атыс болатын жерге әр ауылдан кем дегенде 20 бала жиналған. Құтарыс ауылының балалары қарсыластарына бірден оқ жаудырып, салдарынан екі бала жарақат алған.

Атылған оқтан соң балалар жан-жаққа қашып кеткен. Зардап шеккендер тез арада ауруханаға жеткізіліп, Оймауыт ауылының 17 жасар тұрғыны қайтыс болды.

Бүгінгі таңда жаппай атысқа қатысқандардың аты-жөні анықталып, олар қамауға алынды.

Сот соңы өліммен аяқталған ауыр жарақат жасады деп айыпталған күдіктіні ұстау туралы бұйрық берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1577940-oqo-da-bir-birimen-zhappay-atysugha-shyqq.html