RU

Келіншекті "балаларың өліп қалсын" деп қарғаған жүргізуші халықтан кешірім сұрады (видео)

"Балаларың өліп қалсын", деп алматылық келіншекті қарғап тастаған жүргізушіні полиция ұстағандарын мәлімдеді деп хабарлайды sn.kz.

"Біз шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп, тротуарға шығып кеткен Chevrolet және Nissan Murano көліктерінің жүргізушілерін анықтадық. Олар полиция бөлімшесіне шақыртылды және ҚР Әкімшілік кодексінің 596-бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, әйелді балағаттап кеткен жүргізушінің жүргізуші куәлігі болмаған. Оның көлігі қазір айыппұл тұрағына қойылды", - дейді Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Ал полиция бөліміне келіп "есін жиған" жас жігіт болса өзі қарғаған әйелден де, барша ел тұрғындарынан да кешірім сұрады.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да бір-бірімен жаппай атысуға шыққан мектеп оқушылары елді шулатты

"Кеше кешке жол жабық болғандықтан мен тротуармен жүрдім. Ыңғайсыз жағдайға тап болдым. Ашуым кеп тұрғандықтан аузымнан жаман сөздер шығып кетті. Не болғанын өзім түсінбей қалдым. Барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын, мен ашу үстінде айтып қойдым. Мен кішкентай балаларды ренжіткім келген жоқ, әйелдерден де кешірім сұраймын, мұндай екінші рет қайталанбайды", - деді балалардың өліп қалуын тілеген жас жігіт.

Еске сала кетейік, жұрттың ашуына тиген оқиға үшінші шілдеде сағат шамамен 19:00-де Алматыдағы Айнабұлақ-3 шағын ауданында болған еді. Жас ана көлік жүргізушісіне жол бермей, автомобильге арналған жолмен жүруін талап еткен екен. Соған бола жас жігіт кішкентай балалардың өліп қалуын тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578159-balalarynh-olip-qalsyn-dep-almatylyq-k.html