RU

ОҚО-да ер адам туған анасын ұрып өлтіріп, өзіне қол жұмсады (фото)

ОҚО-ның, Шымкент қаласының тұрғыны туған анасын балтамен ұрып өлтіріп, артынан өзі асылып қалған деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Оқиға 2-ші тамыз күні Қайнарбұлақ саяжайында орын алған. ОҚО-ның ІІД қызметкерлері 102 нөміріне қоңыраудың түнгі сағат он екі жарымда түскенін растаған.

Тағы оқыңыздар: Келіншекті "балаларың өліп қалсын" деп қарғаған жүргізуші халықтан кешірім сұрады (видео)

Қылмыс болған жерге келген полицейлер бірден екі мәйітті тапқан. Оның бірі 1947-ші жылғы әйел адам, екіншісі 1974-ші жылғы ер адам.

Көршілерінің айтуынша, ер адам анасын балтамен ұрып, өзі асылып қалған.

Көршілер олардың тыныш өмір сүргендерін, ал қылмыскердің журналист болып істегенін айтты. Әзірше қылмыс болған үй қоршауға алынып, сарапшылар жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578169-oqo-da-er-adam-tughan-anasyn-uryp-oltiri.html