RU

Ерлі-зайыпты 28 жылдан кейін өзгенің баласын тәрбиелеп келгенін білген (фото)

Ерлі-зайыптылар өзгенің баласын өсіріп келгенін 28 жылдан кейін білген, деп хабарлайды Baq.kz.

Қытайда ерлі-зайыптылардың 28 жыл бойы бөтен баланы асырағаны белгілі болды. Ұлдарының «тым көрікті» екенінен күдіктенген әкесіне баласының ДНҚ-сын тексерту туралы ой келеді. Сөйтіп ол әйеліне баласының сымбатын айтып, одан күдіктенетінін жеткізген.

Тағы оқыңыздар: Келіншекті "балаларың өліп қалсын" деп қарғаған жүргізуші халықтан кешірім сұрады (видео)

Қазіргі мәліметтер бойынша, оларға 1989 жылы Шанхайдағы ауруханада басқа бір баланы беріп жіберген. Баланың анасы Чжан күйеуі екеуінің «тым көрікті» болып өскен ұлдарына қарап, күдік пайда болғанын айтады.

Содан күйеуі 2004 жылы Чжанды «өзгемен көңіл қосқансың» деп айыптайды да, 2004 жылы ажырасып кетеді.

«Оның көзі үлкен, мұрыны да басқаша. Әкесі онша әдемі емес, олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды», - дейді Чжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578272-erli-zayypty-28-zhyldan-keyin-ozgeninh-bal.html