RU

"Есеппен күйеуге шыққысы келмеген" қырғызстандық қыз жындыханаға жатқан

Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің қызметкерлері Мәскеудегі психиатрлық ауруханадан "ата-анасының өзін күйеуге бермек болған ниетіне қарсылық танытып, ауруханаға әдейі түскен" қырғызстандық қызды босатты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалық қызметі.

Қырғызстан елшілігінің хабарлауынша, екінші тамызда дипломатиялық өкілдеріне Қырғызстан азаматы қызын Мәскеудегі №1 психиатрлық клиникалық ауруханадан босатуға көмек сұрап жүгінген.

Аурухана дәрігері елшілік қызметкеріне азаматша А.К. клиникаға 29 шілдеде өзін қудалап жүргені туралы "сандырақтап", психиатрлық симптомдармен түскен. Қыздың өзі соңғы жарты жылда ата-анасы өзін еркінен тыс "танымайтын адамға есеппен күйеуге бермек болып" қысымға алғанын айтқан.

Тағы оқыңыздар: Мысырда ұсталған алты қазақстандық студент елге оралды (фото)

Елшілік қыздың жасы қаншада екенін айтпайды. Статистика бойынша Қырғызстандағы қыздардың 15 пайызы кәмелетке толмай жатып, бір пайызы 15 жасқа дейін күйеуге шығады.

"Өмірлік қиын жағдайға тап болған қыз Қырғызстаннан кетіп, ауруханаға түспек болған" делінген елшіліктің үшінші тамызда жариялаған мәлімдемесінде.

Елшілік өкілі Қырғызстан азаматымен және дәрігермен сөйлескен. Мәскеудің Симоновский аудандық соты психиатрлық клиникалық аурухананың қызды "еркінен тыс түрде ауруханаға жатқызу туралы" шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. Қыз әкесіне табысталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578465-eseppen-kuyeuge-shyqqysy-kelmegen-qyr.html