RU

Түргенде сегіз жасар қызды зорламақ болған педофил 20 жылға сотталып кетті

Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сегіз жасар қызды зорламақ болған Түрген ауылының тұрғынына үкім шығардым деп хабарлайды sn.kz.

Сот Еңбекшіқазақ ауданының 32 жастағы тұрғынын Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы бойынша айыпты деп тауып, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, ол өмірінің соңына дейін кішкентай балалармен жұмыс істемейтін болады.

Тағы оқыңыздар: Прокуратура: Алматыда балалар үйінде тәрбиеленушілерді зорлаған

Жазасын ол қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Еске салайық, аталған қылмыстық іс бойынша сот отырысы 21 шілде күні басталған болатын. Ал, қылмыстың өзі биыл 14 сәуірде Түрген ауылының іргесінде орын алды. 32 жастағы жергілікті тұрғын сегіз жасар қызды шешіндіріп, зорламақ болған сәтте сол маңайдан өтіп бара жатқан оқушы бала оны үркітіп жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578485-turgende-segiz-zhasar-qyzdy-zorlamaq-b.html